Суперсерия ІІ: WBSS 1/2 финалының толық күнтізбесі

Бүкіләлемдік бокс суперсериясы жаңа маусымының екінші жартылай финалында өнер көрсететін кубалық Юниер Дортикос (23-1, 21 KOs)  пен америкалық Эндрю Табити(17-0, 13 KOs) арасындағы жекпе-жектің өтетін күні мен орны белгілі болды.

Суперсерия 2-нің ауыр салмақтағы екі финалисті де осы кеште белгілі болады. Дортикос-Табитимен қоса, маусымның 15-і күні Ригада (Латвия) латвиялық Майрис Бриедис пен поляк Кшиштоф Гловацкий жартылай финалға шығады.

Бұл беделді турнир үшінші мәрте Латвияда өтпек. Суперсерияның дебюттік кезеңінде Майрис Бриедис пен Майк Перес арасындағы ширек финалдық кездесу, Майрис Бриедис пен Александр Усик арасындағы жартылай финал дәл осы «Рига Аренада» өткен.

Бірінші ауыр салмақ дәрежесінде әлемнің экс-чемпионы, WBSS-тің алғашқы маусымының қатысушысы Юньер Дортикос пен оның болашақ қарсыласы Эндрю Табити Мұхаммед Әли Кубогының өткен раундында қарсыластары Матеуш Мастернак пен Руслан Файферді төрешілердің бірауыз шешімімен жеңген болатын.

Осылайша, алты жекпе-жек (үш салмақ дәрежесінде екі кездесуден) өткізілетін WBSS-дің екінші кезеңінің күнтізбесі бекітілді.

БҮКІЛӘЛЕМДІК БОКС СУПЕРСЕРИЯСЫ. ІІ кезең

1/2 финал

27 сәуір, АҚШ (*өтетін орны әлі жарияланған жоқ)

Нонито Донэр (36 жас, Филиппины, рекорд 39-5, 25 КО) vs Золани Тете (30 жас, ЮАР, рекорд 28-3, 21 КО) — ең жеңіл салмақта (118 фунтқа дейін немесе 53,525 кг) WBO тұжырымы бойынша  әлем чимпиондығы атағы (Тетенің 3-ші мәрте қорғауы)/WBA Super (Донэрдің 1-ші қорғауы) үшін өткізілетін жекпе-жек.

Реджис Прогрейс (30 жас, АҚШ, рекорд 23-0, 19 КО) vs Кирилл Релих (29 жас, Белоруссия, рекорд 23-2, 19 KO) —  бірінші жартылай орта салмақта (140 фунтқа дейін немесе 63,503 кг) WBA тұжырымы бойынша әлем чемпиондығы (Релихтің 2-ші мәрте қорғауы) /WBC Diamond (Прогрейстің 2-ші қорғауы) үшін өткізілетін жекпе-жек.

18 мамыр, The SSE Hydro аренасы, Глазго (Шотландия, Ұлыбритания)

Наоя Иноуэ (25 жас, Жапония, рекорд 17-0, 15 КО) vs Эммануэль Родригес (26 жас, Пуэрто-Рико, рекорд 19-0, 12 KO) — ең жеңіл салмақтағы (118 фунтқа дейін немесе 53,525 кг) WBA тұжырымы бойынша әлем чемпиондығы атағы (Иноуэнің 2-ші қорғауы)/IBF (Родригестің 2-ші мәрте қорғауы) үшін өткізілетін жекпе-жек.

Джош Тейлор (28 жас, Ұлыбритания, рекорд 14-0, 12 КО) vs Иван Баранчик (26 жас, Белоруссия, рекорд 19-0, 12 KO) — бірінші жартылай орта салмақта (140 фунтқа дейін немесе 63,503 кг) IBF тұжырымы бойынша әлем чемпиондығы (Баранчиктің алғашқы қорғауы) /WBC Silver(Тейлордың 5-ші рет қорғауы) үшін өткізілетін жекпе-жек.

15 маусым, «Рига Арена», Рига (Латвия)

Майрис Бриедис (34 жас, Латвия, рекорд 25-1, 18 КО) vs Кшиштоф Гловацкий (32 жас, Польша, рекорд 31-1, 19 КО) —  бірінші ауыр салмақта (200 фунтқа дейін немесе 90,718 кг) WBO тұжырымының «уақытша» титулына әлем чемпиондығы (Гловацкийдің 1-ші қорғауы) /WBC Diamond (Бриедистің алғашқы рет қорғауы) үшін өткізілетін жекпе-жек.

Юниер Дортикос (32 жас, Куба, рекорд 23-1, 21 КО) vs Эндрю Табити (29 жас, АҚШ, рекорд 17-0, 13 КО) — бірінші ауыр салмақта (200 фунтқа дейін немесе 90,718 кг) өткізілетін жекпе-жек.

 

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Thanks!

Our editors are notified.