Суперсерия 2: Иноуэ мен Родригес арасындағы жартылай финал мамырдың 18-і күні Глазгода өтеді

Бүкіләлемдік бокс суперсериясы екінші кезеңінің 118 фунтқа (53,525 кг) дейінгі дивизиондағы алғашқы финалисті WBA-дің «тұрақты» чемпионы, жапониялық Наоя Иноуэ (7-0, 15 КОs) мен IBF белбеуінің иегері пуорторикалық Эммануэль Родригес (19-0, 12 KO) арасындағы кездесуде анықталады.

Турнирдің өткен айналымында 25 жасар Иноуэ Доминикан елінің боксшысы Карлос Пайаноны бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын. Ал, 26 жастағы Родригес болса, аустралиялық Джейсон Молониді төрешілер шешімімен жеңген еді.

Ешкімнен жеңіліп көрмеген қарсыластар мамыр айының 18-і күні Глазгодағы (Шотландия) The SSE Hydro аренасында Суперсерияның жартылай финалистері, бірінші жартылай орта салмақта чемпиондар Лигасының  жолдамасына таласатын Иван Баранчик пен Джош Тейлор өнер көрсететін кәсіпқой бокс кешінде кездеседі.

Иноуэ-Родригес арасындағы кездесудің жеңімпазы Мұхаммед Әли Кубогын иемдену үшін WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Золани Тете мен WBA-дің суперчемпионы, филиппиндік Нонито Донэр жекпе-жегінің мықтысымен шайқасқа түседі. Бұл екі чемпионның қашан және қайда жұдырықтасатынын жақын арада WBSS өкілдері жариялайтын болады.

Естеріңізге салсақ, Суперсерия-2 жартылай финалы аясында әрбір үш салмақ дәрежесінде екеуден, жалпы саны 6 кездесу өтеді ( оның 4-еуі титулдық статусқа ие). Иноуэ-Родригес пен Тейлор-Баранчик арасындағы жартылай финалдық белдесулерден бөлек, бірінші ауыр салмақтағы латвиялық Майрис Бриедис пен поляк Кшиштоф Гловацкийдің шаршы алаңға шығар күні мен орны белгілі болды.

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Thanks!

Our editors are notified.