Стивенсон чемпиондық белбеуін Гвоздикке жекпе-жексіз бере салмақ па?

Осыдан тұп-тура бір ай бұрын Торонтода швециялық Баду Джекті жеңіп, бірінші ауыр салмақтағы WBC чемпиондығын қорғап қалған канадалық Адонис Стивенсон келесі кездесуін украиналық Олександр Гвоздикке қарсы өткізуі керек. Әйтпесе, белбеуінен айрылады.

Дүниежүзілік бокс кеңесі бүгінгінің ең кәрі боксшысы Адонис Стивенсонға 29 маусымға дейін уақыт беріп отыр. Егер алдағы 10 күннің ішінде боксшылар өзара айқас туралы келісе алмаса, онда жекпе-жек промоутерлік саудаға түседі.

Айта кетейік, Стивенсонның украиналық боксшымен кездескісі жоқ. Өйткені, біріншіден Гвоздик әлі ешкімге танымал емес. Бұл жекпе-жек үлкен табыс әкелмейді. Ал екіншіден, әлеуеті зор украиналық боксшы канадалық алыпты жеңіп те кетуі мүмкін. Сондықтан, дәл қазір Адониске бұл жекпе-жек тиімді болмай тұр.

Өз кезегінде мамыр айында Баду Джекті жеңген Стивенсон швециялыққа реванш бергісі келген. Бірақ, Дүниежүзілік бокс кеңесі оның бұл ойын шорт кесті. Оның ендігі міндетті қарсыласы – Олександр Гвоздик.

Амал жоқ, Адонис Стивенсон Дүниежүзілік бокс кеңесінің талабына көнетін сияқты. Дегенмен, оның промоутері, әккі Эл Хэймон қайтер екен? Жекпе-жекке жеткізбей, белбеуді қайтарып бере салса да, таңғалмаймыз.

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Leave a Reply

Thanks!

Our editors are notified.