Шәрібаев VS Канчио. Жекпе-жек комментаторы – Бернард Хопкинс

Сәуірдің 12-сі күні АҚШ-тың Индио қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінде тікелей эфирден әйгілі Бернард Хопкинс комментаторлық етеді.

Кәсіпқой бокста 1988 жыл мен 2017 жыл аралығында 65 айқас өткізіп, соның 55-інде жеңіске жеткен және екеуінде тең түскен әйгілі Бернард Хопкинс былғары қолғабын шегеге ілгеннен кейін телевизия саласына бет бұрған. 53 жастағы супержұлдыз 12 сәуір күні «Golden Boy» промоутерлік орталығының ұйымдастыруымен өтетін кәсіпқой бокс кешінде ESPN телеарнасы арқылы тікелей эфирде комментатторлық етеді.

Естеріңізге сала кетейік, кештің басты айқасында мексикалық Франсиско Варгас (24-1-2, 17 KO) пен америкалық Род Салька (24-4, 4 KO) шаршы алаңға шығады. Екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде өтетін бұл айқас 10 раундқа жоспарланып отыр. Ал басты андеркартында қазақстандық Айдар Шәрібаев (7-0, 6КО) америкалық Эндрю Канчиомен (17-4-2, 13 КО) айқасып, екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBA Inter-Continental белбеуін сарапқа салады. Қазақстандық жанкүйерлер бұл жекпе-жектерді 13 сәуір күні таңертең «Setanta Қазақстан» телеарнасы арқылы тікелей эфирден тамашалай алады.

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Leave a Reply

Thanks!

Our editors are notified.