Шәрібаев VS Канчио. “ММА территория” арнасы жекпе-жек қарсаңында бейнешолу дайындады

Назарларыңызға Айдар Шәрібаев пен ертеңгі қарсыласы Эндрю Канчионың жекпе-жегіне дайындалған арнайы видеороликті ұсынамыз.

Естеріңізге сала кетейік, «Golden Boy» промоутерлік орталығының ұйымдастыруымен АҚШ-тың Индио қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінің басты айқасында мексикалық Франсиско Варгас (24-1-2, 17 KO) пен америкалық Род Салька (24-4, 4 KO) шаршы алаңға шығады. Екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде өтетін бұл айқас 10 раундқа жоспарланып отыр.

Ал басты андеркартында қазақстандық Айдар Шәрібаев (7-0, 6КО) америкалық Эндрю Канчиомен (17-4-2, 13 КО) айқасып, екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBA Inter-Continental белбеуін сарапқа салады.

Афиша GBP on ESPN Vargas Salka

GBP on ESPN Vargas Salka

Бокс кешін тікелей эфирден АҚШ-тың ұлттық арнасы ESPN көрсетеді. Қазақстандық жанкүйерлер бұл жекпе-жектерді 13 сәуір күні таңертең (шамамен сағат 8:00-де) «Setanta Қазақстан» телеарнасы арқылы тікелей эфирден тамашалай алады.

Назарларыңызға салмақ өлшеу рәсімінің видеорепортажын ұсынамыз.

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Leave a Reply

Thanks!

Our editors are notified.