Шүменов шоуы – Бокс па, әлде цирк па немесе Қазақтар қалай жеңіске жетті?

Кеше елордамыздың «Барыс Арена» кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтіп, шаршы алаңға шыққан 11 қазақ боксшысы да жеңіске жетті.

Тақырыпты бұлай деп қоюдың да өз себебі бар. Қазақ боксшыларына қарсы айтар еш дауымыз жоқ. Тек қонақтардың соншалықты «бейшаралығы» таңғалдырды. Құдды бір, шаршы алаңға қинап шығарып қойған секілді көрінді. Оңай беріліп, жекпе-жекті жалғастырудан бас тартып жатты. Әлбетте, мұндай кездесулер статистика үшін жақсы. Бірақ, боксты жақсы түсінетін жанкүйерлердің алдында еш абырой әпере қоймас. Тіпті, рейтингте де пәлендей жоғары өрлей қоймайтыны рас.

Неде болса, шаршы алаңда жеңіске жеткен барлық жерлестерімізді құттықтаймыз!

Жекпе-жектер

12 раунд, бірінші ауыр салмақ дәрежесі, (90,718 келіге дейін)

Бейбіт Шүменов (Қазақстан) VS Хизни Алтункая (Түркия) – WBA чемпиондық айқасы (TKO9)

10 раунд, екінші орта салмақ дәрежесі, (76,203 келіге дейін)

Айдос Ербосынұлы (Қазақстан) VS Исмат Эйнуллаев (Әзірбайжан) – WBA Азия аймақтық белбеуі (TKO1)

6 раунд, Бірінші ауыр салмақ дәрежесі (90,718 келіге дейін)

Али Балоев (Қазақстан) VS Казим Умудов (Әзірбайжан) – TKO1

4 раунд, екінші орта салмақ дәрежесі (76,203 келіге дейін)

Арман Рысбек (Қазақстан) VS Сандро Терашвили (Грузия) TKO1

6 раунд, бірінші орта салмақ дәрежесі (69,85 келіге дейін)

Бобиржан Моминов (Қазақстан) VS Георгий Блиадзе (Грузия) – TKO5

4 раунд, екінші орта салмақ дәрежесі (76,203 келіге дейін)

Диас Тастеміров (Қазақстан) VS Элвин Ахунзада (Әзірбайжан) – TKO2

4 раунд, екінші аса жеңіл салмақ дәрежесі (55,225 келіге дейін)

Айдын Елжанов (Қазақстан) VS Асқар Рагимов (Әзірбайжан)

8 раунд, бірінші орта салмақ дәрежесі, (90,718 келіге дейін)

Уәлихан Бисенқұлов (Қазақстан) VS Анар Абдуллаев (Әзірбайжан) – ТКО2

4 раунд, екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесі (58,967 келіге дейін)

Міржан Рахымжанов (Қазақстан) VS Александр Салтыков (Ресей) – TKO1

4 раунд, бірінші ауыр салмақ дәрежесі (90,718 келіге дейін)

Еділ Қожамбердиев (Қазақстан) VS Сергей Белошапкин (Ресей) – TKO2

4 раунд, екінші орта салмақ дәрежесі (76,203 келіге дейін)

Ибрагим Ескендіров (Қазақстан) VS Серік Ажибаев (Ресей) – TKO1

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Leave a Reply

Thanks!

Our editors are notified.