Ресми: Усик Такамға қарсы. 25 мамыр. АҚШ

Бірінші ауыр салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы, украиналық Александр Усиктің (16-0, 12 KOs) «корольдік» дивизиондағы дебютін  DAZN стримингтік қызметі көрсетеді.

Усик пен чемпиондық титулға экс-үміткер Карлос Такам (36-5-1, 28 KOs) арасындағы жекпе-жек туралы мәлімет БАҚ-да тарағанына бір айдың жүзі болған еді. Сонымен, 38 жастағы француз боксшысы 32 жастағы ауыр салмақтың мықтысын 200 фунттан (90 кг) жоғары салмақта Оксон-Хиллдегі (Мэриленд штаты, АҚШ) MGM National Harbor аренасында сынайтын болады. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

– « 25 мамыр – менің мансабымдағы айтулы күнге айналады. Мен супер ауыр салмаққа ауысамын. Ауыр салмақтың шыңын бағындырып, абсолютті чемпион атандым. Ендігі мақсатым – супер ауыр салмақта да осы нәтижені көрсету. Кездесудің қиын болатыны сөзсіз. Алайда, менің абсолюттік чемпиондыққа салған жаңа жолымда жоғары санаттағы қарсыласпен қолғап түйістіруім қажет» ,-дейді Усик, BoxingNews24 берген сұхбатында.

Такам бокс элитасының жарық жұлдыздары: британдық Энтони Джошуа, жаңазеландиялық Джозеф Паркер, ресейлік Александр Поветкиндермен жұдырықтасқан. Бірақ, бұл жекпе-жектердің бәрін ол сәтсіз аяқтаған. Өткен жылы Карлос екі кездесу өткізген. Оның алғашқысы шілде айында өтіп, ол британдық джорнимен Дерек Чисорге мерзімінен бұрын жеңілген. Араға жарты жыл салып франциялық боксшы неміс былғары қолғап шебері Сенад Гашиді жеңген.

Усик болса, өткен айдың соңында WBA (Super) тұжырымының бірінші ауыр салмақтағы чемпиондық белдеуін өз еркімен босатқан еді. Оған себеп ұйымның титулды ресейлік «демалыстағы чемпион» Денис Лебедевке қарсы қорғауды талап еткендігі. Ауыр салмақтың үздігінде қазір үш негізгі белбеу бар. Александр бірінші ауыр салмақтағы негізгі төрт титул (WBC, WBA Super, IBF, WBO)  мен Мұхаммед Әли Кубогын өткен жылдың шілдесінде иеленген. Бүкіләлемдік бокс суперсериясының бірінші маусымының финалдық айналымында  төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ресейлік Мурат Гассиевтен оза шапқан болатын. Ал, қараша айында ол өзінің белбеуін британдық Тони Белльмен өткізген шайқаста сәтті қорғап қалған.

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Thanks!

Our editors are notified.