Мейрамбек Беспаев Айдар Шәрібаевқа сәттілік тіледі

Қазақтың күміс көмей, жезтаңдай әншісі, «МұзАРТ» тобының мүшесі Мейрамбек Беспаев «Diamond Ring» боксшысы Айдар Шәрібаевтың ертеңгі жекпе-жегіне сәттілік тіледі.

«Жұлдыз ФМ» радиосында қонақта болып, журналист Жасұлан Қалимен сұхбат құрған Мейрамбек Беспаев әңгіме арасында Айдар Шәрібаевқа ерекше тоқталып өтті.

– Сәттілік болсын! Құдай қаласа, намысты бермей, елге абыроймен оралса деген тілегіміз бар. Тақымымызды қысып отырмыз, – деді Мейрамбек Беспаев.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпқой рингте алты айқас өткізіп, алтауын да жеңген, оның бесеуінде қарсыласын нокаутқа түсірген қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаевтың жекпе-жегі ертең, яғни сенбі күні таңертең АҚШ-тың Флорида штатындағы Киссими қаласында өтеді. Қарсыласы – колумбиялық Даулис Прескотт (31-5, 23КО).

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Leave a Reply

Thanks!

Our editors are notified.