Липинец Питерсонды мерзімінен бұрын тізе бүктірді

Кеше кешке Оксон-Хиллде (штат Мэриленд, АҚШ) басты оқиғасы бірінші жартылай орта салмақта әлемнің екі экс-чемпионы ресейлік Сергей Липинец (15-1, 11 KOs) пен жергілікті боксшы Ламонт Питерсон (35-5-1, 17 KOs) арасында өткен жекпе-жек болған бокс кеші өтті.

30 жастағы Қазақстан тумасы өзінің қарсыласын 10 раундта тізе бүктіріп, жартылай орта дивизиондағы қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді. 2018 жылдың наурызында Липинец бірінші жартылай орта салмақтағы IBF титулын ұпай саны бойынша Майки Гарсияға ұтылып, бокс жанкүйерлерін кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісіне куәгер қылған еді. Осыдан кейін ол ауырырақ салмаққа ауысты. Өткен тамызда Сергей төрешілердің шешімімен Эрик Бонды жеңген болатын.

2018 жылдың қаңтар айында жартылай орта салмақтағы IBF тұжырымының қазіргі чемпионы кіші Эррол Спенсге біржақты кездесуде мерзімінен бұрын есе жіберген Питерсон үшін бұл арты-артынан келген екінші жеңіліс болды. Ал, кәсіпқой рингтегі жүрген он бесінші жылындағы 5-ші жеңіліс. Осы жекпе-жектен кейін америкалық боксшы өз мансабын аяқтағанын жариялаған еді.

 

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Thanks!

Our editors are notified.