Кіші Спенс пен Гарсия Бүкіләлемдік бокс кеңесінің «алмаз» атағы үшін таласады

Америкалық кіші Эррол Спенс (24-0, 21 KOs)  пен Майки Гарсия (39-0, 30 KOs) IBF тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтың чемпиондық белбеуіне ғана емес,  Бүкіләлемдік бокс кеңесінің беделді титулын сарапқа салады.

Айтулы титулды тізгіндеген былғары қолғап шеберлері көп емес. Бүкіләлемдік бокс кеңесі (World Boxing Council)  WBC Diamond белбеуін осыдан 10 жыл бұрын аты аңызға айналған филиппиндік боксшы  Мэнни Пакьяо мен атақты пуэрторикалық Мигель Коттоның мегафайтына әзірлеген болатын. Сонау 2019-дың қарашасында «Пакман» ақтық раундта жеңісті мерзімінен бұрын қанжығасына байлап, алтыншы дивизионда чемпион атанған еді. Одан бөлек аталмыш титулды Бернард Хопкинс, кіші Флойд Мейвезер, Сауль Альварес, Сергей Ковалев, Хорхе Линарес, Каллум Смит, Лео Санта Крус, Майрис Бриедис, Нонито Донэр, Реджис Прогрейс, Серхио Мартинес пен Жан Паскаль сынды боксшылар иеленген. 2017 жылдың шілдесінде төрт дивизион бойынша әлем чемпионы Майки Гарсия бірінші жартылай орта салмақта Эдриена Бронерге қарсы шайқаста осы белбеуді жеңіп алған.

Естеріңізге салайық, IBF тұжырымы бойынша жартылай орта салмақ чемпионы кіші Эррол Спенс пен жеңіл дивизиондағы WBC белбеуінің иегері Майки Гарсия мамырдың 16-сы күні Арлингтонда (АҚШ) қолғап түйістіреді. Спенспен жұдырықтасу үшін Гарсия өз салмағынан 2 есе жоғары салмақ дәрежесіне көтеріледі.

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Thanks!

Our editors are notified.