Денис Лебедев WBA тұжырымының суперчемпиондығы үшін Околи Лоуренспен жұдырықтасуы мүмкін

Александр Усикке тиесілі болған WBA (Super) тұжырымының бірінші ауыр салмақтағы жаңа чемпионы ресейлік Денис Лебедев (32-2, 23 KOs) болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта өзінің мультичемпиондығымен танымал Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының ауыр салмақтағы «тұрақты» чемпионы қазақстандық Бейбіт Шуменов  болса, ал супер ауыр салмақтағы чемпионы жоқ. WBA Усикке өз титулын міндетті қорғауды талап етіп, қарсылас ретінде Лебедевті ұсынған еді. Бірақ, украиналық былғары қолғап шебері өзінің кезекті жекпе-жегін супер ауыр салмақтағы Карлос Такамға қарсы өткізуді жөн санап, белбеуді өз еркімен босатқан болатын. 39 жастағы Лебедев денсаулығына байланысты шаршы алаңға шықпай жүргендіктен, қауымдастық оған демалыс берген. Енді ол автоматты түрде суперчемпион атағын алып, бос тұрған белбеуді өзінің келесі кездесуінде қорғауы мүмкін.

Ресейлік боксшының қарсыласы 26 жастағы британдық шағылмаған «жаңғақ» Околи Лоуренс (12-0, 9 KOs) болуы мүмкін. Екі жақ тарап маусым айына жоспарланған жекпе-жектің өткізілуі бойынша келіссөздерді бастап кеткен.

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Thanks!

Our editors are notified.