Дүниежүзілік суперсерия – 2. Аса жеңіл салмақтағы асаулар

Биыл күзде басталатын Дүниежүзілік бокс суперсериясы екінші маусымының аса жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін боксшылардың барлығы іріктеліп болды. Енді 20 шілде күні Мәскеуде өтетін арнайы шара кезінде жеребе тарту рәсімі өтіп, жұдырықтасатын жұптар белгілі болады.

Көпшіліктің пікірінше, осы турнирде Мұхамед Әли кубогын жапон боксшысы Наоя Иноуэ жеңіп алуы тиіс. Дегенмен, басқа боксшылар да осал емес. Мәселен, Дүниежүзілік бокс сериясына қатысатын сегіз боксшының бесеуі жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген. Сондай-ақ, төртеуі әлемдік чемпиондық белбеулердің иелері. Ал WBC белбеуі әзірге вакантты. Ол атақ та осы жоба барысында сарапқа салынуы тиіс.

Назарларыңызға Аса жеңіл салмақ дәрежесінде Мұхамед Әли кубогына таласатын барлық боксшыларды ұсынамыз.

Наоя ИНОУЭ (Жапония)

Жасы: 25

Рекордс: 16-0, 14KO.

Boxrec рейтингі: 1-орын

Чемпиондық атағы: WBA чемпионы

Бойы: 165 см

Золани ТЕТЕ (Оңтүстік Африка Республикасы)

Жасы: 30

Рекордс: 27-3, 21KO.

Boxrec рейтингі: 2-орын

Чемпиондық атағы: WBО чемпионы

Бойы: 175 см

Райан БАРНЕТТ (Ұлыбритания)

Жасы: 26

Рекордс: 19-0, 9KO.

Boxrec рейтингі: 3-орын

Чемпиондық атағы: WBA Super чемпионы

Бойы: 165 см

Эмануэл РОДРИГЕС (Пуэрто-рико)

Жасы: 25

Рекордс: 18-0, 12KO.

Boxrec рейтингі: 1-орын

Чемпиондық атағы: IBF чемпионы

Бойы: 168 см

Джейсон МОЛОУНИ (Аустралия)

Жасы: 27

Рекордс: 17-0, 14KO.

Boxrec рейтингі: 6-орын

Чемпиондық атағы:

Бойы: 168 см

Хуан Карлос ПАЙЯНО (Доминикан Республикасы)

Жасы: 34

Рекордс: 20-1, 9KO.

Boxrec рейтингі: 8-орын

Чемпиондық атағы:

Бойы: 165 см

Михаил АЛОЯН (Ресей)

Жасы: 29

Рекордс: 4-0

Boxrec рейтингі: 34-орын

Чемпиондық атағы: WBA International чемпионы

Бойы: 164 см

Нонито ДОНЭЙР (Филиппин)

Жасы: 35

Рекордс: 38-5, 24KO.

Boxrec рейтингі: 6-орын

Чемпиондық атағы: – WBO Interim чемпионы

Бойы: 171 см

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Leave a Reply

Thanks!

Our editors are notified.