Брэндон Адамс Головкин емес, Джермелл Чарломен жұдырықтасады

Америкалық орта салмақтағылардың кездесуі 15 маусымға жоспарланған.

Өткен аптада орта салмақтың экс-чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 KOs) келесі қарсыласы американдық Contender бокс риалити шоуының жеңімпазы Брэндон Адамс (21-2, 14 KОs) болады деген жаңалық тараған болатын. Бірақ, бұл жаңалық жалған болып шықты. 29 жастағы америкалық былғары қолғап шебері GGG-дың орнына  WBC тұжырымының «уақытша» чемпиондығын кезекті мәрте қорғайтын, 28 жасар өз отандасы Джермалл Чарломен (28-0, 22 KOs) қолғап түйістіретін болды.

Соңғы рет 2018 жылдың желтоқсанында ағайынды егіздер Чарлолардың бірі өз белбеуін ресейлік Матвей (Мэтт) Коробовпен өткен белдесуде төрешілер шешімімен қорғап қалған еді. WBA мен WBO рейтингісінде 7-ші орында (боксшы WBC тұжырымында ТОП-20-ға кірмейді)  тұрған Адамс өткен жылы қатарынан 4 рет жеңіс тұғырынан көрінген болатын. Үшеуі 5 раундық, біреуі 10 раундық кездесулер Contende реалити-турнирі аясында өткізілген.

Осылайша, DAZN стримингтік қызметімен серіктестік орнатқан Головкиннің маусымға жоспарланған жекпе-жегіндегі қарсыласының есімі әлі белгісіз. Қазақстандықтың потенциалды қарсыластары WBC рейтінгісінің үштігін аяқтайтын 35 жастағы камерундық Хассан Н’Дам Н’Жикам немесе WBC-дің көшін бастаған  Головкиннен кейін тұрған, ал WBA-дің үздіктерінің 4-ші қатарындағы 29 жастағы поляк  Камил Шеремета (19-0, 4 KOs) болуы ықтимал.

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Thanks!

Our editors are notified.