Болжам: Уайлдер VS Фьюри – Тони Белью Деонтейдің жеңісіне бәс тікті

Осы жексенбіде украиналық Олександр Усикпен төбелесетін британиялық боксшы Тони Белью 1 желтоқсанда Калифорнияда өтетін Деонтей Уайлдер мен Тайсон Фьюридің жекпе-жегіне өз болжамын жасады.

Бельюдің болжамынша, бұл айқаста америкалық боксшы жеңіске жетеді. Ал кәсіпқой бокстан үш жылдай қол үзген Тайсонның тәжірибесі аздау деген пікірді білдіріп отыр.

– Әлбетте, Фьюри жеңеді деген үміттемін. Соған тілектеспін. Дегенмен, ол үлкен бокстан үш жылдай қол үзген. Ал Уайлдер сияқты мықтыны жеңу үшін Сефери және Пианета сияқтылармен төбелесу аздық етеді. Дюсселдорфте Кличконы жеңген Тайсонмен 1 желтоқсанда Уайлдермен айқасатын Уайлдер, екеуі екі бөлек боксшы. Мұншалықты ұзақ үзіліс кесірін тигізбей қоймайды, – деді Тони Белью.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де Белью өзінің отандасының жеңісіне күмәнмен қарап, екі-үш ай бұрын-ақ Фьюридің жеңілісін болжаған.

– Үш жыл бойы Фьюри бар уақытын ішіп-жеумен өткізді. Жаттығуға көңіл бөлген жоқ. Мұндай үзілістен кейін мықтыларға қарсы айқасу қиын болады. Ол Уайлдермен төбелесуге әлі дайын емес. Мен оны Дэвид Хэй сияқты боксшыдан жеңіледі деп ойлағанмын. Ал Деонтей екеуінің жекпе-жегі үш раундтан арыға бармайды, – деді британиялық боксшы

Әлбетте, Бельюдің сөзінің жаны бар. Дегенмен, келесі жолы Фьюридің жеңісіне бәс тіккен сарапшылардың пікірін де жариялаймыз. Ондайлар да бар. Аргументтерін білейік.

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Leave a Reply

Thanks!

Our editors are notified.