«Біз түрік боксшыларымен тәжірибе бөлісуге дайынбыз» – Айдар Шәрібаев Түркия сайтына сұхбат берді

Шілденің 7-сі күні Сарыарқа төрінде өткен Бейбіт Шүменов пен Хизни Алтункая арасындағы айқастан кейін қазақстандық боксшы айдар Шәрібаев Түркияның kaztr.com сайтына жекпе-жек жайлы пікірін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Шүменов пен Алтункая арасындағы айқас 9 раундқа ғана созылды. Қарсыласының жекпе-жектен бас тартуына байланысты Бейбіт Шүменов техникалық нокаутқа қол жеткізіп, WBA тұжырымы бойынша ауыр салмақ дәрежесінің чемпионы атанған болатын. Бұл оның кәсіпқой бокстағы жиырмасыншы жекпе-жегі, 18-ші жеңісі еді.

Кәсіпқой бокс кешінен кейін түркиялық сайттың журналисі Айдар Шәрібаевтан пікір сұраған.

– Біздің орта дініміз – ислам, түркі халқының ұрпағымыз. Оның үстіне, спорт әлемді біріктіреді. Осы тұрғыдан алғанда біз де түрік боксының деңгейі көтеріле түскенін қалаймыз. Қажет болса, түрік боксшыларымен өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз, – деді Айдар Шәрібаев.

Өз кезегінде Айдар Шәрібаев кәсіпқой бокста сегіз жекпе-жек өткізіп, соның жетеуінде жеңіске жеткен. Оның алтауында қарсыласын нокаутпен ұтқан.

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Leave a Reply

Thanks!

Our editors are notified.