Бекман Сойлыбаев пен Фернандо Варгас арасындағы жекпе-жектің ең қызықты сәттері

Бекман Сойлыбаев VS Фернандо Варгас. Қазанның 19-ында Лас-Вегаста өткен жекпе-жек кешінде жерлесіміз өзінің WBC International чемпиондық белбеуін қорғаған болатын. Назарларыңызға сол айқастың ең қызықты сәттерін ұсынамыз.

Естеріңізге сала кетейік, 19 қазан күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында «Голден бой» промоутерлік орталығымен өткен кәсіпқой бокс кешінде Бекман Сойлыбаев мексикалық Фернандо Варгаспен жұдырықтасып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, осы жылдың сәуір айында жеңіп алған екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC International чемпиондық белбеуін қорғап қалды.

Жалпы, бүгінде 27 жастағы Бекман Сойлыбаев кәсіпқой шаршы алаңда 12 айқас өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Төрт қарсыласын нокаутпен жеңген. Еншісінде WBC International және WBA NABA чемпиондық белбеулері бар.

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Leave a Reply

Thanks!

Our editors are notified.