Бекман Сойлыбаев Лас-Вегаста Фернандо Варгаспен айқасады

Лас-Вегаста қазанның 19-ы күні үлкен кәсіпқой бокс кеші өтеді. Әлемге әйгілі ESPN спорттық телеарнасы арқылы қалың көпшілікке көрсетілетін аталмыш жекпе-жек кешінде Diamond Ring боксшысы Бекман Сойлыбаев өзінің WBC International чемпиондық белбеуін қорғайтын болады.

Бекманның қарсыласы – мексикалық Фернандо Варгас. Кәсіпқой шаршы алаңда 47 айқас өткізген 29 жасар боксшы соның 32-інде жеңіске жеткен, үш жекпе-жегі тең аяқталған. Кәсіпқой бокста 2006 жылдан бері.

Өз кезегінде кәсіпқой бокста 11 айқас өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтаған жерлесіміз екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC International чемпиондық белбеуінің иегері. Бүгінде Бекман Сойлыбаев Лос-Анджелесте белгілі маман Эрик Браунның қарамағында жаттығып жүр.

Лас-Вегастың «Monte Carlo Resort and Casino» кешенінде өтетін кәсіпқой бокс кешін Оскар Де Ла Хойя басқаратын «Голден бой» промоутерлік компаниясы ұйымдастырады. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы пуэрто-риколық Габриэл Росадо (23-11, 13 KOs) мен АҚШ боксшысы орта салмақтағы үздіктердің бірі Глен Тапиа (23-4, 15 KOs) шаршы алаңға шығады.

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Leave a Reply

Thanks!

Our editors are notified.