Бекман Сойлыбаев кезекті жекпе-жегін өткізу үшін Мексикаға келді

Бүгін «Diamond Ring» батыры Бекман Сойлыбаев өзінің кәсіпқой бокстағы 11-ші жекпе-жегін өткізу үшін АҚШ-тағы командасымен Мексиканың Чиуауа қаласына келді.

30 сәуір күні Астана уақытымен таңертеңгілік мезгілде жерлесіміз Венесуэла мықтысы Самуэл Гонсалеске (13-4-0, 9 КО) қарсы шаршы алаңға шығады.

– Лос-Анджелеске қарағанда Чиуауада аптап ыстық екен. Шымкенттің жазы секілді. Бірақ бұл мен үшін қайта жақсы. Өзімді үйде жүргендей сезінетін боламын. Ал қарсыласымды видео арқылы біраз зерттей алдым. Алғыр боксшы екен. Соққысы да қойылған. Соңғы айқасында қарсыласын нокаутқа түсіріпті. Сондықтан, өзіме лайықты қарсыластың табылғанына қуаныштымын, – деді бізге Бекманның өзі.

Естеріңізге сала кетейік, WBC EPBC және WBA NABA чемпиондық белбеулерінің иегері Бекман Сойлыбаев әйгілі бапкер Эрик Браунның қарамағында Лос-Анджелесте үш ай оқу-жаттығу жиынын өткізді. Кәсіпқой бокста 10 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Leave a Reply

Thanks!

Our editors are notified.