Бекман Сойлыбаев – Golden Boy промоутерлерінің мені таңдағанына қуаныштымын

Қазанның 19-ы күні қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев Лас-Вегаста Golden Boy Promotion ұйымдастыратын жекпе-жек кешінде шаршы алаңға шығады.

Жерлесіміз сол жекпе-жекте екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC International чемпиондық белбеуін қорғайтын болады. Қарсыласы – мексикалық боксшы Фернандо Варгас.

– Тағатсыздана күтіп жүрмін. Өйткені, бұған дейін ешқашан Лас-Вегаста шаршы алаңға шығып көрмеген едім. Golden Boy Promotion компаниясының мені таңдағанына қуаныштымын. Бұл біздің командамыздың дұрыс жолда екендігін көрсетеді. Ал жалпы жекпе-жек кешінің өте жоғары дәрежеде өтетініне күмәнім жоқ. Тіпті, Америкадағы ең әйгілі телеарналардың бірі ESPN де тікелей эфирден көрсетеді екен. Өз тарапымнан Варгасты жеңіп, жанкүйерлерімді әдемі бокспен қуантуға бар күшімді саламын, – деді Бекман Сойлыбаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұл Бекман үшін кәсіпқой бокстағы 12-ші жекпе-жек болмақ. Бұған дейінгілердің барлығында жеңіске жеткен. Екінші жеңіл салмақтағы WBC чемпиондық белбеуінің иегері. Бүгінде Лос-Анджелесте белгілі маман Эрик Браунның қарамағында жаттығып жүр.

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Leave a Reply

Thanks!

Our editors are notified.