Жанат Жақиянов былғары қолғабын мамық креслоға алмастырды

Василий Жиров, Марат Мәзімбаев, Геннадий Головкиндерден кейін әлем чемпионы атағына қол жеткізген жампоздарымыздың бірі Жанат Жақиянов кәсіпқой бокспен қоштасты. Шамасы, Жақиянов былғары қолғабын мамық креслоға алмастыруды жөн көрген секілді.

Промоутерлер бәсекесі. Гассиев пен Дортикостың “қожайыны” кім?

Промоутерлер сериясын одан әрі жалғастырамыз. Бұған дейін біз аса ауыр салмақ дәрежесіндегі алыптардың «қожайындарын» атап өткенбіз. Бүгін ауыр салмақтағы боксшылардың тірлігін жүргізіп, карьерасын жасап жатқан промоутерлерді таныстырамыз.

Джордж Гроувс VS Крис Юбенк – британдықтардық бәсекесі кімнің пайдасына шешіледі?

Алдағы сенбі күні Англияның Манчестер қаласында Дүниежүзілік бокс сериясының екінші орта салмақ дәрежесінің жартылай финалы аясында Джордж Гроувс пен кіші Крис Юбенк кездеседі. Мамырда өтетін финалға қайсысы шығуы мүмкін?

Бекман Сойлыбаев: Ломаченкомен жұдырықтасатын күн алыс емес

Жеңілмеген қазақ боксшысы атақты украиналық Василий Ломаченкодан ұсыныс түссе, бас тартпайтынын айтты Екінші жартылай жеңіл салмақта WBC International белдігінің иегері, 12 жекпе-жектің бірде бірінде жеңілмеген қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев Sputnik Қазақстан агенттігіне сұқбат берді. Әңгіме 27 жастағы спортшының боксқа келуі, әуесқойдан кәсіпқойға ауысуы, алдағы жоспарлары, ұстанымдары жайында өрбіді. Оқушы кезіңізде бокс үйірмесіне алғаш барғанда, бапкерлер сізді қабылдамаған…

Әуесқой бокстың басына қара бұлт төнді, болашақ кәсіпқой бокста

Әуесқой бокстың басына қара бұлт төнді. Халықаралық Олимпиада комитеті спорттың бұл түрін Олимпиада ойындарының бағдарламасынан алып тастау туралы мәселе көтерді. Бәлкім, бізге қазірден бастап спорттық саясатымызды өзгертіп, басымдықты кәсіпқой боксқа бере бастаған дұрыс шығар.

Мурат Гассиев Головкиннен бокс пен адамгершілікті үйреніпті

Сочиде өткен Дүниежүзілік бокс сериясының екінші жартылай финалында ресейлік Мурат Гассиев кубалық Юниер Дортикосты құлатып, финалға шықты. Енді ол Мұхамед Әли кубогын украиналық Александр Усикпен сарапқа салады.

World boxing super series: Усиктің қарсыласы кім болар екен?

Ертең түнде Сочиде ресейлік Мурат Гассиев пен кубалық Юниер Дортикос шаршы алаңға шығып, ауыр салмақ дәрежесінде Дүниежүзілік бокс сериясының финалына шыққан екінші боксшыны анықтайды. Бұл ақпан айының басты айқасы.

Хорхе Линарес VS Майки Гарсия – жанкүйерлердің сұрауы осы жекпе-жек

Кеше АҚШ-тың Инглвуд қаласында Хорхе Линарес пен филиппиндік Мерсито Геста жұдырықтасып, қатарынан 13-ші айқасында жеңіске жеткен венесуэлалық боксшы жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBA чемпиондық белбеуін қорғап қалды.