Арманға бастар жол!

  Алдағы жекпе-жек Айдар үшін маңызды. Егер жерлесіміз жеңіске жеткен жағдайда әлемдік рейтингтегі көрсеткішін біршама жақсартып, мықтылармен айқасатын мүмкіндік алады. Тарқатып айтар болсақ дәл қазір дүниежүзі бойынша екінші жеңіл салмақта сынға түсіп жүрген 1998 кәсіпқой боксшы бар десек, әлемдік рейтингте Шәрібаев 130-шы тұр. Ал осы салмақтың көшін Америкалық кіші Роберт Истер бастап келеді. WBA дәрежесі бойынша әлем чемпионы Венесуэла үкілеген Хорхе Линарес екінші орында. Ал британиялық  Люк Кэмпбелл мен Терри Фланаган алғашқы төрттікті түйіндеп тұр. Осы мықтылардың ішінде Айдарға Кэмпбэлл жақсы таныс. Екеуі бір емес бірнеше мәрте спарринг қарсылас болған. Сол кезде азулы ағылшынмен тең дәрежеде жұдырықтасқан Айдарды бапкерлердің арқасынан қаққанын да білеміз. Айтқымыз келгені, қазақ жігіттерінің кез-келгені әлем мықтыларымен қазір-ақ шығуға дайын. Бірақ ережеден ешкім аттап кете алмайды. Ол үшін ұпай жинап, әлемдік сатыдағы көрсеткішіңді жоғарлату керексің. Сонда ғана чемпиондық белбеулерге жол ашылады. Ендеше ерінбей еңбек еткендер ғана кәсіпқой бокстың шыңына шыға алады. Осыны жете түсінген Шәрібаев тәуекелге бел буып, бірнеше уақыттан бері жат елде жаттығып жүр. Әлем чемпионы атанып, ел мерейін асқақтатуды армандайтын Айдар алдағы кездесудің де қаншалықты жауапты екенін жақсы түсінеді.

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Leave a Reply

Thanks!

Our editors are notified.