Америкалық арналар сатып алып көрсететін кәсіпқой бокс қазақстандық телеарналарға неге қажетсіз?

Мамырдың 5-і күні Лос-Анджелесте өтетін Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросянның жекпе-жегін қазақстандық жанкүйерлер тікелей эфирден көре алмауы мүмкін. Өйткені, бірде-бір отандық арнаның бағдарламасынан бұл айқасты таба алмадық.   

Екі күнге жетер-жетпес уақыт қалды, бірақ бірде-бір отандық телеарна бұл жекпе-жекті жарнамалап, аңдатпасын ұсынған жоқ. Бағдарламалар кестесінен де аталмыш айқасты таба алмадық. Мәселен, «Qazsport» арнасын алайық. Дәл осы уақытта, яғни 6 мамыр күні таңертең еліміздің басты спорттық арнасы алдымен Испания чемпионаты аясындағы «Вильярреал» – «Валенсия» кездесуінің қайталауын көрсетеді. Одан кейін «Әлемнің айтулы мергендері» хабары тұр.

«Qazsport» арнасы, 6 мамыр

8:00 – Валенсия – Вильярреал (Испания чемпионаты)

10:00 – Әлемнің айтулы мергендері

Геннадий Головкиннің соңғы кездердегі барлық жекпе-жектерін Қазақстанға тікелей эфирден ұлттық арна көрсетіп жүр. Тіпті, арнайы студия дайындап, айқас алдында көпшілікті қызықтырар арнайы бағдарламалар да дайындайтын. Бірақ, олар да бұл жолы батырымыздың айқасын көрсетуді жөн көрмеген секілді. Головкиннің жекпе-жегінің орнында «Ақсауыт» бағдарламасы мен «Таңшолпан» тұр.

«Qazaqstan» арнасы, 6 мамыр

7:30 – Телеарна ұсынады

8:35 – «Ақсауыт» бағдарламасы

9:00 – Таңшолпан

Былтыр «Хабар» агенттігі әлемнің ең ірі кәсіпқой бокс кештерінен тікелей транслациялар ұсынып, қазақстандық бокссүйер қауымға жақсы сый жасаған. Талай таңды «Хабармен» бірге қарсы алып, біз де теледидар алдында телміретін едік. Өкінішке қарай, олар да Головкин мен Мартиросянның кездесуін көрсетуден бас тартыпты.

«Хабар» арнасы, 6 мамыр

7:00 – Әсем әуен

8:00 – қалжың қоржыны

9:15 – Самопознание

9:25 – Ас арқау

9:45 – Дибидогс

10:10 – Ночной дозор

Биыл қазақстандық жанкүйерлер тек бір-ақ кәсіпқой бокс кешін тікелей эфирден тамашалай алды. 13 сәуір күні таңертең «Сетанта Қазақстан» телеарнасы Айдар Шәрібаевтың чемпиондыққа таласын көрсетті. Дегенмен, бұл арна 6 мамыр күні таңертең тек футболға байланысты хабарлар дайындап отыр.

«Setanta Қазақстан», 6 мамыр

7:00 – Реал – Барселона. Ұлы клубтар текетіресі

7:30 – Ринус Михельс. Ұлы жаттықтырушылар тарихы

8:00 – Тоттенхэм – Уотфорд (қайталау)

10:00 – Ұлы құрамалар тарихы. Франция

10:30 – Ұлы футболшылар тарихы. Мишель Платини

Міне, жексенбі күні таңертең Головкин мен Мартиросянның жекпе-жегінің орнына осы бағдарламаларды қарауымызға тура келіп отыр. Өкінішті, әлбетте. Жыл басынан бері санағанда тек бір ғана боксшымыздың айқасын тікелей эфирден көре алдық. Айдар Шәрібаевтың жекпе-жегін айтамыз. Онда да басты арналарымыз бұл айқасты көрсеткісі келмеді ме, әлде басқа да себептер болды ма, әйтеуір, кабельдік жүйесі бар көрермендер ғана тамашалай алды. Өкінішке қарай, америкалық арналарға қажет кәсіпқой бокс қазақстандық телеарналарды керексіз болып тұр.

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Leave a Reply

Thanks!

Our editors are notified.