Айдар Шәрібаев пен Орландо Ризо салмақ өлшеу рәсімін өткізді

АҚШ-тың Чикаго қаласында «Diamond Ring» сайыпқыраны Айдар Шәрібаевтың қатысуымен өтетін кәсіпқой бокс кешінің салмақ өлшеу рәсімі өтті.

Айта кетейік, Айдардың алдағы қарсыласы – 32 жасар никарагуалық боксшы Орландо Ризо (19-9-0, 9КО). Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде (61,2 келі) өтеді. Сегіз раундқа жоспарланған.

Салмақ өлшеу нәтижесінің қорытындысы бойынша екі боксшы да жеңіл салмақтың лимитін орындап, екеуі де таразыда 135 фунтты (61,2 келі) көрсетті.

Жалпы, Айдар Шәрібаев кәсіпқой бокста барлығы 5 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Төртеуінде қарсыласын нокаутқа түсірген.

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Leave a Reply

Thanks!

Our editors are notified.