Адонис Стивенсенге керегі реванш па, әлде Гвоздик пе?

Канаданың Торонто қаласыда өткен кәсіпқой бокс кешінде бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегі WBC чемпионы Адонис Стивенсон швециялық Баду Джекпен кәсіпқой бокс кешін өткізіп, өз белбеуін сақтап қалды.

Жекпе-жек жайлы қысқаша жазар болсақ, Баду 40 жасар чемпионды шаршатқысы келді ме, алғашқы раундтарда көбіне соққыдан қашып жүрді. Стивенсонның басымдығы байқалған жоқ, бірақ бастапқы бес раунд толығымен канадалықтың еншісіне жазылды. Тек жетінші раундтан бастап іске кіріскен Джек жекпе-жек тізгінін толығымен өз қолына алып, қарсыласын әбден шаршатты. Бірақ, кеш қимылдады-ау, төрешілерді сендіре алмады. Бір төреші 115:113 есебімен жеңісті Джекке берсе, қалған екеуі 114:114 есебімен тең нәтижені тіркеді. Осылайша белбеу Стивенсонның еншісінде қалып қойды.

Енді Баду Джек қарымта айқасты талап етіп отыр. Стивенсонды Лас-Вегасқа шақырды. Бірақ, Адонис өз елінен алысқа кеткісі келмейтін секілді. «Белбеу менде. Егер саған реванш қажет болса, Канадаға кел де алып кет. Чемпион бұл жерде менмін», – деп қысқа қайырды Стивенсон.

Ал оның менеджері Эгис Климас жекпе-жектен кейін реванштың болмайтынын емеурінмен жеткізді. «WBC талабы бойынша келесі кездесуді украиналық Александр Гвоздикке қарсы өткізуі тиіс. Баду Джекте мүмкіндік болды, бірақ пайдалана алмады», – деді Климас.

Кезек промоутерлерде. Әлбетте, Гвоздикпен болар айқас әлдеқайда қызықтырақ болатыны сөзсіз. Дегенмен, Стивенсонның қартаятын түрі көрінбейді.

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Leave a Reply

Thanks!

Our editors are notified.