«Diamond Ring» қоғамдық бірлестігі

қазақстандық боксшыларды жетілдіретін кәсіпқой спорттық ұйым болып табылады. Күрзі жұдырықты боксшылары  қазірдің өзінде Қазақстандағы, сондай-ақ шет елдердегі кәсіпқой бокс жекпе-жектерінде бақтарын сынап жүр.
timeline_pre_loader
Diamond Ring 2016 год

2016 год

``Diamond Ring``

Еуропа мен Америкадағы промоутерлік бизнес жетекшілерінің тәжірибесінен өзіне керегін сүзіп алып, сондай-ақ ағайынды Кличколардың «K2promotions» компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып, қазақтың жаңа жұлдыздарымен кәсіби бокс шындарын бағындыру стратегиясын жасап шығарған промоутерлік компания.

``Diamond Ring`` компаниясының басты мақсаты

қазақ топырағында кәсіпқой бокс индустриясын құру. Өйткені бокс – Қазақстандағы шежіресі мол спорт түрінің бірі һәм әлемге мейілінше танымал отандық спорттық бренд. Алайда, бұған дейін кәсіпқой бокс рингінде қандай бір жетістікке қол жеткізу үшін қазақстандық былғары қолғап шеберлері шет ел асуға мәжбүр болған. “Diamond Ring” қазақ боксындағы осы олқылықтың орнын толтыру үшін құрылды.