Дмитрий Бивол: Смит менің белбеуімді тартып алғысы келеді

175 фунтқа дейінгі (79,378 кг) салмақта әлем чемпионы, ресейлік Дмитрий Бивол (15-0, 11 KOs) қарсыласы америкалық кіші Джо Смит(24-2, 20 KOs) туралы өз ойын білдірді.

28 жастағы ресейлік былғары қолғап шебері қарсыласы Смиттің WBA чемпиондық титулын иемденуді көздейтінін, оған қоса, әр түрлі стильде жұдырықтасатын боксшылардың шайқасы қызық болатындығын жеткізді. Сонымен қатар, Бивол өзінің 29 жасар қарсыласын мүмкіндік туса нокаутпен жеңуге ниетті.

Ол (Смит) – мықты жігіт. Мен оның Бернард Хопкинспен өткізген белдесуін тамашаладым. Ол өте қауһарлы. Ол жас. Біз құрдаспыз. Бірақ, мен шаршы алаңда оған қарсы  қолданатын, оның кемшіл тұстары бар. Ол алға қарай көп қозғалады. Мен үшін бұл оны тоқтататын тамаша мүмкіндік. Мен онымен кездескенде оның көздеріне қарап, оның менің белбеуімді тартып алғысы келетінін ұқтым.  Демек, бокс жанкүйерлері үшін тартымды жекпе-жек болады. Шыны керек, мен белбеу туралы ойламаймын. Маған менің қарсыласымның кім және рингте оның маған не көрсете алатыны қызық. Менің ойымша, мен оны жеңемін. Әрине, белбеу – тарих үшін құнды. Бірақ, мен тек қарсыласым жайында ойлаймын.

Естеріңізге салсақ,  WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы титулдық кездесу 9 мамыр күні Веронада (АҚШ) өтеді. Жекпе-жекте Бивол өз белбеуін бесінші рет қорғаса, Смит үшін бұл дебюттік тайтлшот.

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Thanks!

Our editors are notified.