Жәнібек Әлімханұлы мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, BoxRec-тің ТОП-100 рейтингісіне ілікті

4 ақпан 2019 ж.
Жәнібек Әлімханұлы мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, BoxRec-тің ТОП-100 рейтингісіне ілікті

Қазақстандық өрен Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 KOs) өткен жексенбіде АҚШ-тың Фриско қалашығында жартылай ауыр салмақтағы Сергей Ковалев пен Элейдер Альварес арасындағы матч-реванштың андеркартында шаршы алаңға шықты.

28 жастағы америкалық Стивен Мартинес пен 25 жасар отандасымыз арасындағы жекпе-жек жоспарланған 8 раундтың 5-ші раундында техникалық нокаутпен аяқталды. Бұл Әлімханұлының қызметтік тізіміндегі 5 жеңістің 2-ші мерзімінен бұрын жеткен жеңісі. Осыдан кейін ол,  BoxRec порталының нұсқасы бойынша орта салмақтағылар рейтингісінде 66 сатыға көтеріліп, 84-ші орынға тұрақтады.

Ең алғашқы кездесуінде кубалық Милтон Нунесаны бірінші раундта-ақ техникалық нокаутқа жіберген Әлімханұлының  кәсіпқой бокстағы мансабы 2016 жылдың қазан айында басталған.