Жалындаған Райан Гарсия тәжірибелі Франсиско Фонсеканы шалқасынан түсірді

15 ақпан 2020 ж.
Жалындаған Райан Гарсия тәжірибелі Франсиско Фонсеканы шалқасынан түсірді

Райан Гарсия (20-0, 17 KO) мен Франсиско Фонсека (25-3-2, 19 KО) біздің уақытпен бүгін таңертең WBC тұжырымы бойынша, жеңіл салмақтағы (135 фунт немесе 61,235 келі салмақ дәрежесіндегі) чемпиондық атақ пен белбеуді сарапқа салды.

«Honda Center» спорт кешенінде өткен 12 раундтық, басты жекпе-жекте тамырында Мексика қаны соққан, Американың жай оғындай жарқылдаған жас таланты үстем түсті. Ол тәжірибелі қарсыласын бірінші раундта-ақ, сол қолымен жағынан ұрып, шалқасынан түсірді.

Сөйтіп, Райан Гарсия өзінің 20-сыншы жеңісіне қол жеткізді. Әрі 17-ші қарсыласын нокаутқа түсірді. Естеріңізге сала кетейік, ол – «Golden Boy Promotions» компаниясының боксшысы. Сауль «Канело» Альвареспен бірге Мексиканың әйгілі бапкері Эдди Рейносоның қол астында жаттығады. Промоутері – даңқты Оскар Де Ла Хойя.