Жалпы командалық есепте Өзбекстан алдымызды орап кетті

12 наурыз 2020 ж.
Жалпы командалық есепте Өзбекстан алдымызды орап кетті
Фото - kfb.kz

Сонымен, Токио Олимпиадасының Азия және Мұхит жағалаулары елдері арасындағы іріктеу турнирі аяқталды. Ерлер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы 2 алтын, 2 күміс 3 қола медаль олжалап, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бірақ жалпы командалық есепте бір алтыны артық Өзбестан құрамасынан асып түсе алмады.

Өзбекстан құрамасы сапында Миразизбек Мирзахалилов (57 келі), Елнұр Әбдірайымов (63 келі) және Баходир Жалолов (+91 кел) сынды баһадүрлері жеңімпаз атанды. Осы ретте айта кетейік, 63 келі салмақ дәрәжесіндегі финал командалық есептегі шешуші жекпе-жек болды. Егер сол кездесуде Закир Сафиуллин жеңіске жеткенде, Қазақстан құрамасы үш алтынмен көш бастар еді...

Сөйтіп, жалпы командалық есепте екінші болдық. Назарларыңызға үздік бестікті ұсынып отырмыз:

1) Өзбекстан – 6 (3 алтын + 3 қола) медаль

2) Қазақстан – 7 (2+2+3)

3) Иордания – 5 (1+1+3)

4) Қытай – 3 (1+0+2)

5) Филиппин – 1 (1+0+0)