Токиоға апарар жол – Украина құрамасының жанкешті қыз-жігіттері

13 наурыз 2020 ж.
Токиоға апарар жол – Украина құрамасының жанкешті қыз-жігіттері
Фото - fbu.org.ua

Токио Олимпиадасының Еуропа елдері арасындағы іріктеу турниріне Украинаның батыл ұл-қыздары да қатысады. Олар Лондонға 11 наурыз күні жол шегіпті. Ерлер арасындағы ұлттық құрамасының бас бапкері Леонид Лоевский негізінен жас талантарына сенім артып отырғанын, әрі Еуропадағы ең қарымды құрама екендерін дәлелдеп шығуға тырысатындықтарын айрықша атап өтіпті.

Естеріңізге сала кетейік, Лондонда Еуропа елдері Токио Олимпиадасының 77 лицензиясына таласады. Оның 50-і ерлер арасында сарапқа салынады: 52, 57 және 63 келі салмақ дәрежелерінде – сегізден, 69, 75 және 81 келілерде – алтаудан, ал 91 және + 91 келі ауыр салмақтарда – төртеуден.

Әйелдер арасында Батыстың қыз-келіншектері 27 жолдаманы сарапқа салады. Атап айтқанда, 51, 57 және 60 келі салмақ дәрежелерінде – алтаудан, 69 келіде – бесеу, ал 75 келі салмақта – төртеу.

Енді Украина құрамаларының сапына көз жүгіртейік:

52 келі – Дмитро Замотаєв

57 келі – Микола Буценко

63 келі – Ярослав Харциз

69 келі – Євген Барабанов

75 келі – Олександр Хижняк

81 келі – Степан Грекул

91 келі – Сергій Горсков

+ 91 келі – Цотне Рогава

Жаттықтырушылары – Леонід Лоївський (бас бапкер), Валерій Даниленко, Олександр Хижняк, Віктор Демченко, Олександр Трюхін.

51 келі – Тетяна Коб
57 келі – Юлія Циплакова
60 келі – Марина Мальована
69 келі – Анна Лисенко
75 келі – Анастасія Черноколенко

Жаттықтырушылары – Сергій Гордієнко (бас бапкер), Андрій Мальований, Володимир Богатиренко.