Тейлор VS Баранчик. Бокс суперсериясының алғашқы жекпе-жегінің өтетін күні мен орны белгілі болды

31 қаңтар 2019 ж.
Тейлор VS Баранчик. Бокс суперсериясының алғашқы жекпе-жегінің өтетін күні мен орны белгілі болды

Мұхаммед Әли Кубогына арналған бокс финалының соңғы кезеңі, бірінші жартылай орта салмақтың мықтылары IBF чемпионы, беларустық Иван Баранчик пен WBC Silver титулының иегері, британдық Джош Тейлор (14-0, 12 KOs) арасындағы кездесуден басталады.

Қарсыластар Бүкіләлемдік бокс суперсериясының екінші кезеңінің, 140 фунтқа (63,503 кг) дейінгі дивизионының алғашқы финалистін анықтау үшін мамырдың 18-і күні Глазгодағы (Шотландия) The SSE Hydro аренасында шаршы алаңға шығады.
28 жасар Тейлор Суперсерияның екінші кезенінің өткен раундында 25 жастағы америкалық Райан Мартинді мерзімінен бұрын (7-раундта) тізе бүктіріп, оған алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татқызған болатын. Осылайша, ол төртінші рет WBC тұжырымы бойынша заңды титул құқығын қорғады.
Өткен аптада өзінің 26-шы туған күнін атап өткен Баранчик беделді титулдың ширек финалында 27 жасар швед өкілі Энтони Йигитамен (21-1-1, 7 KOs) қолғап түйістірді. IBF-тің бос титулына таласқан швед боксшысының 7-раундта сол көзі жарақаттан жабылып қалып, төреші жеңісті белорустықтың пайдасына шешіп, жекпе-жекті тоқтатқан болатын.
1-ші жартылай орта салмақ дәрежесі бойынша чемпиондар Лигасының финалына берілетін жолдаманың тағдыры америкалық Реджис Прогрейс (23-0, 19 КОs) пен WBA суперчемпионы, белорустық Кирилл Релих (23-2, 19 KOs) арасында өтетін «алмаз» жекпе-жектің қортындысымен шешіледі. Бірақ, ұйымдастырушылар әлі кездесудің өтетін күні мен орнын жариялаған жоқ.