Тау ішінде-боранда шынығып жүр бір қазақ

14 ақпан 2020 ж.
Тау ішінде-боранда шынығып жүр бір қазақ

Кәсіпқой бокс рингінде жеңілістің кермек дәмін әлі татып көрмеген Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 KO) бұл күнде Алматы облысында, тау ішінде жаттығып жүр. Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы бүгін түнде оның кезекті жаттығуынан бейне-үзінді жариялады. Онда «Барыс» қар жауып тұрса да, жаттығып жүр.

Естеріңізге сала кетейік, Айдос соңғы жекпе-жегін өткен жылы 21 желтоқсанда Ресейдің Красноярск қаласында өткізген. «Барыс» онда Венесуэла боксшысы Омар Гарсиамен (15-3, 12 KO) жұдырық түйістіріп, сегізінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен. Әрі WBC Asia, WBA International және WBO Global тұжырымдары бойынша өз белбеулерін абыроймен қорғап шыққан.