Тайсон Фьюридің әйелі Пэрис ханым күйеуіне балкүлше сыйлапты

29 ақпан 2020 ж.
Тайсон Фьюридің әйелі Пэрис ханым күйеуіне балкүлше сыйлапты

Өткен демалыс күні ғана еңгерзедей Деонтей Уайлдерді жеті раунд бойы төпелеп, көзіне көк шыбын үймелеткен Тайсон Фьюриге әйелі ерекше сыйлық дайындапты. Пэрис Фьри күйеуіне әдемі торт сыйлаған. Жай ғана торт емес, WBC чемпионы белбеуін сомдайтын әдемі балкүлше екен.

Жалпы, Пэрис ханым – Тайсон Фьюридің жұбайы ғана емес, үнемі қолдап жүретін тіреуі де. Тайсон 2015 жылы Владимир Кличконы жеңген соң екі жылдай ішімдікке салынып, есірткі де қолданған. Сол кезде әйгілі боксшының жақын адамдарының көбісімен, бапкерлерімен арадағы қарым-қатынасы үзілген. Тек Пэрис ханым ғана үнемі жанында болған...

Пэрис – көп балалы ана. Боксшы онымен осыдан 19 жылдай бұрын танысқан. Ол кезде Пэрис Малрой (қыз кезіндегі тегі) 15 жаста екен. Екеуі 2008 жылы отау құрып, тойларына 400 адам шақырған. 2009 жылы қызы Венесуэла дүниеге келген. Екі жылдан кейін ұлы Джон Джеймс туған. 2016 жылы туған ұлын Тайсона Фьюри – 2 деп атапты. Валенсия Амбэр 2018 жылы өмірге келген.

Енді Пэрис Фьюридің тортына көз салайық: