Суперсерияның екінші финалы 28 қыркүйекте өтеді

27 шілде 2018 ж.
Суперсерияның екінші финалы 28 қыркүйекте өтеді

Екінші орта салмақ дәрежесінде өткен Дүниежүзілік бокс суперсериясының финалы 28 қыркүйек күні өтетін болып бекітілді. Жекпе-жек Сауд Арабиясының Джида қаласында өтеді.

Финалда Ұлыбританияның қос мықтысы Джордж Гроувс пен Каллум Смит жұдырықтасады. 31 жекпе-жектің 28-інде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңіліп қалған 30 жасар Гроувстың еншісінде ІВО және WBA чемпиондық белбеулері бар. Ал одан екі жас кіші Смит кәсіпқой бокста өткізген 24 айқасының барлығында жеңіске жеткен. Оның 17-сін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Мамандар Джордж Гроувстың соққысының өте жойқын екенін айтуда. Дегенмен, өзі де ауыр соққыға шыдамайтындардың қатарынан. Нақты айтсақ, үш жеңілісінің екеуінде нокаутпен ұтылған.

Жекпе-жек Сауд Арабиясының Джидда қаласында өтеді. Англиямен ежелден өзара қарым-қатынасты тығыз ұстанатын арабтар бұл айқасқа ерекше назар аударуда. Барлық ұйымдастыру мәселелерін өз мойындарына алып отыр.

Жалпы, бұл айқас маусымның басында өтуі тиіс болатын. Алайда, Гроувстың жарақатына байланысты жекпе-жек шілдеге шегерілген. Кейін тамыз деді, ақыры қыркүйектің соңына дейін созылды.

Текст: Sadvakas Maikibayev