Суперсерия 2: Бриедис пен Гловацкий финалға шығу үшін маусымның 15-і күні Ригада жұдырықтасады

7 ақпан 2019 ж.
Суперсерия 2: Бриедис пен Гловацкий финалға шығу үшін маусымның 15-і күні Ригада жұдырықтасады

Мұхаммед Әли Кубогына арналған Бүкіләлемдік бокс суперсерияның (World Boxing Super Series)  екінші кезеңінің ауыр салмақтағылар арасындағы жекпе-жектері жаз айында жалғасын табады.

WBSS жартылай финалистері 34 жасар латвиялық Майрис Бриедис (25-1, 18 KOs) пен 32 жасар (31-1, 19 KOs) айтулы турнурдің соңғы раундына жолдама алу үшін 15-ші маусым күні Ригада (Латвия) шаршы алаңға шығады. Ауыр салмақтың оза шапқандарының бірі Латвия елінің өкілі Александр Усиктен кәсіби мансабында алғаш рет жеңілгеннен кейін, рингке қайта оралады. Өткен жылдың қаңтар айындағы Суперсерияның дебюттік жартылай финал маусымы аясында украиналық боксшы (Александр Усик) төрешелердің басым көпшілігінің шешімімен жеңіс тұғырынан көрініп, Әли олжасының игері атанған еді. Оған қоса, Усик Гловацкийдің есе жібірген жалғыз боксшысы. 2016 жылдың қыркүйегінде Гловацкий WBO тұжырымы бойынша өз чемпиондық белбеуін Александрға берген болатын.

Бірінші ауыр салмақ дизивионының (200 фунтқа дейін немесе 90,718 кг) қос өкілі алдыңғы жылдың қарашасында Чикагодағы (АҚШ) бокс Лига чемпиондарының кезеңін төрешілер шешімімен жеңген болатын. Бриедис неміс Ноэль Гевораны, ал Гловацкий болса ресейлік Максим Власовты WBSS-тің ширек финалына жібірмеген еді.

Естеріңізге салсақ, турнир ұйымдастырушылары бірінші жартылай орта салмақтағы IBF-тің әлем чемпионы, беларустық Иван Баранчик (19-0, 12 KOs)  пен  WBC Silver титулының иегері, британдық Джош Тейлор (14-0, 12 KOs) арасындағы алғашқы жартылай финал жекпе-жегі 18-і мамыр күні Глазгодағы (Шотландия) The SSE Hydro аренасында өтетіндігін хабарлаған болатын.