Силиконды омыраумен салмақ қуу қиын ба?

4 наурыз 2020 ж.
Силиконды омыраумен салмақ қуу қиын ба?

7 наурыз күні UFC 248 турнирінде Қытай қызы Вейли Чжан мен Польша аруы Йоанна Еджейчик кездесуі керек. Лас-Вегас төрінде ұйымдастырылатын бұл жекпе-жекте екеуінің салмағы 115 фунттан аспауы – міндет. Бірнеше ай бойы тер төгіп, алдағы жекпе-жектеріне дайындаған спортшылар үшін ендігі мәселе – салмақ дәрежесіндегі шектеуден аспау.

Осыған орай, бірінші ең жеңіл салмақтағы Вейли Чжан қарсыласының салмақ қуып, қиналып жүргеніне алаңдайтындығын білдірген. Тіпті «шектеуден асып кетеді-ау» деп мазасы кетіп жүрген көрінеді-мыс. Пластикалық хирургияның кесірі тиюі тиіс екендігін сездірген.

Йоанна Еджейчик 2019 жылы 12 қазанда Мишель Уотерсонмен кездескенде, салмақ қуып6 біраз қиындық көрген. Соңғы сәтке дейін жекпе-жек өте ме, жоқ па белгісіз болды. Алайда Польша қызы салмақ өлшеу рәсімінде 115,5 фунт тарттып, октагонға шыққан. Әрі қарсыласын төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген.

Ал бұл жолы 115 фунттан аспауы керек. Өйткені чемпиондық атақ пен белбеу сарапқа салынатын жекпе-жекте салмақ шектеуінен асуға мүлде болмайды. Йоанна Еджейчикке хирургиялық ота былтыр жасалыпты. 2018 жылы желтоқсан айында Қырғызстанның өжет қызы Валентина Шевченкодан ұтылған соң, біраз уақыт үзіліс алған... Қарсыласы осыны меңзеп отыр. Әйтсе де, бұл жолы да салмақ қуып үлгеретін шығар...