Сүйінші! Бауы берік болсын, Бекман!

13 шілде 2016 ж.
Сүйінші! Бауы берік болсын, Бекман!

Сүйінші, кәсіпқой бокс майталманы Бекман Сойлыбаевтың жұбайы босанып, ұл тапты!

Жас отбасының тұңғыштары 6 шілде күні таңғы сағат 5:30-да дүниеге келді. Бекманмен сөйлескенімізде, ол жұбайы Мөлдір мен кішкентай нәрестесінің үйіне келіп, шаңырағының шырайын ашқанын қуана хабарлады.

Жас жұбайлар ұлдарының атын Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне арнап, Димаш деп қойыпты.

Естеріңізге сала кетейік, Бекман мен Мөлдір былтыр қазан айында некеге отырып, шаңырақ құрған болатын.

Diamond Ring жас жұбайларды тұңғыштарының дүниеге келуімен шын жүректен құттықтап, өмірге келген сәбиге де, оның әке-шешесіне де зор денсаулық тілейді. Бауы берік болсын!

Текст: Sadvakas Maikibayev