Руслан Мырсатаев қарсыласын қалпақпен ұрып алды

14 мамыр 2016 ж.
Руслан Мырсатаев қарсыласын қалпақпен ұрып алды

Ауыр салмақтағы қазақтың сом білекті алыбы Руслан Мырсатаев бірінші раундта-ақ қарсыласын иегінен қойып қалып, жалп еткізді.

Руслан бірінші раундтың екінші минуты басталғанда-ақ қарсыласын нокаутқа түсірді. Алғашқы шабуылында-ақ өзбек Фарух Мадаминовты ауыр соққыларымен қойғыштап, сұлатып салды.

Еңгерзедей Фарух еңсесін көтеріп, тұра алмай, жатып алды. Төреші 10-ға дейін санап шықты да, жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Мадаминовтың секунданттары да жекпе-жекті жалғастырудың қажеті жоқ екенін түсініп, жеңілгендерін мойындады.