Ресми түрде: Джошуа Миллерге қарсы.1 маусым. Нью-Йорк

14 ақпан 2019 ж.
Ресми түрде: Джошуа Миллерге қарсы.1 маусым. Нью-Йорк

WBA (Super), IBF, WBO және IBO тұжырымдары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы, британдық Энтони AJ Джошуа (22-0, 21 KOs) тұңғыш рет Американың шаршы алаңында жергілікті боксшы Джаррелл Big Baby Миллерге (23-0-1, 22 KOs) қарсы жекпе-жек өткізеді.

Мықтылар шайқасы бокстың Меккесі атанған Американың Нью-Йорк қаласында, атақты Madison Square Garden аренасында, DAZN стримингтік қызметі эфиринде өтеді. Джошуа үшін Миллерге қарсы алдағы шайқас АҚШ рингіндегі дебют болмақ.

29 жастағы чемпионның ойынша, өзінің атағын өз отанынан тыс жерде қорғайтын кез келді.

1 маусымда мен «Үлкен алмаға» оның мәдениетімен  танысып, асқан күш-жігер жинауға аттанамын. Мен Джаррелл Миллермен аты аңызға айналған  Madison Square Garden аренасында жұдырықтасамын. Мен үшін, Уэмбли стадионын санамағанда, әлемнің ең үздік аренасында өнер көрсету үлкен мәртебе. Мұхит асып, ауыр салмақтағы титулдарымды АҚШ шаршы алаңында қорғайтын уақыт келді. Бұл Миллер мен бүкіл әлемге менің кім екенімді көрсететін қызықты жекпе-жек болады.

«Корольдік» дивизионның (200 фунттан жоғары немесе 90,718 кг) чемпиондық титулдарына үміткер, өткен жылдың шілдесінен бері Джошуаны шаршы алаңға шақырып жүрген 30 жастағы Миллир болса, болашақ қарсыласының жақын арада чемпиондық белбеулерімен қоштасатынын жеткізді.

«ЭйДжей» үлкен қателік жасап отыр. Ол осында келіп, менімен менің «артқы ауламда» жұдырықтаспақшы. Ол өзін американдық шаршы алаңда таныстырмақшы. Шын мәнісінде, ол тек қана менің белбеулерімді алып келе жатыр. Ол Нью-Йорктен құр алақан қайтады. Осы шайқасқа мен бар өмірімлі арнадым. 1-ші маусым күні мақсатыма жетіп, ауыр салмақта әлем чемпионы боламын. «ЭйДжей» менің арманға апарар жолымда тұр. Мен оны таптап өтемін.

Айта кететіні, ауыр салмақтағы екі боксшының да қызметтік тізімінде жеңіліс жоқ. Өткен жылы америкалық былғары қолғап шебері рингке үш рет шыққан. Соңғы өткізген екі кездесуінде – поляктың ардагер боксшысы Томаш Адамек пен румын Богдан Динуды нокаутқа жіберген. Өз кезегінде, британдық бокстың жұлдызы 2018жылы екі сәтті айқас өткізген. 29 жасар Джошуа наурыз айында отандасы Джозеф Паркерді төрешілер шешімімен жеңсе, қыркүйек айында супер ауыр салмақтың мықтысы, ресейлік Александр Поветкинді нокаутқа жіберген.