Олимпиадаға іріктеу – Өзбекстан құрамасының сапы жарияланды

3 наурыз 2020 ж.
Олимпиадаға іріктеу – Өзбекстан құрамасының сапы жарияланды

Өзбекстан құрамасы Иордания өтетін Азия және Мұхит жағалаулары елдерінің лицензиялық турниріне өзгеше дайындалды. Олар 13 ақпанға дейін Ташкент облысындағы «Янгиабад» базасында оқу-жаттығу жиынын өткізді. Содан соң кеңейтілген құрамдағы 24 боксшысын алып, Иорданияға кетті.

16 ақпаннан бері Иорданияда дайындық жұмыстарының соңғы кезеңін өткізді. Шаршы алаңға шығатын құрамдарын бүгін ғана, яғни лицензиялық турнир басталантын күні жариялады. Енді Өзбекстан құрамасының сапымен таныс болыңыздар. Бәрі де біздің жанкүйерлерге таныс жігіттер деуге де болады.

52 келі – Шахобиддин Зоиров

57 келі – Миразизбек Мирзахалилов

63 келі – Елнұр Әбдірайымов

69 келі – Бобоусмон Батуров

75 келі – Фанат Кахрамонов

81 келі – Дильшодбек Рузметов

91 келі – Санжар Тұрсынов

+ 91 келі – Боходир Жалолов

Бапкерлері: Марат Курбанов, Рахматжон Рузиохунов, Тулкин Киличев, Истам Кабинов, Баходир Эркаев, Бурхон Ахмедов, Фаррух Киличев.