Олимпиада чемпионының ағасы Бахтай Сәпиев фәниден бақиға аттанды

27 ақпан 2020 ж.
Олимпиада чемпионының ағасы Бахтай Сәпиев фәниден бақиға аттанды

Бахтай (Бақытай) Дәуітұлы Сәпиев бокстан КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (1974 жылы) және қола жүлдегері (1976 жылы) атанған. 1972 және 1973 жылдардағы Қазақстан чемпионы. КСРО – АҚШ матчтық кездесуінде жеңіске жеткен (1974 жыл). «Достық» ойындарының жеңімпазы. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Бахтай Дәуітұлы ағасы Жұманғалидің ұлы Серік Сәпиевтің бокспен шұғылдануына ықпал еткен. Болашақ Олимпиада чемпионына үлгі болған. 66 жасында бұл дүниедегі татар дәмі таусылып, қайтпас сапарға аттанды. Біз Сәпиевтер отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны жәннатта болсын. Алды пейіш, арты кеніш болсын деп тілейміз.

1990 жыл, Қызылорда. Бахтай аға отбасымен