Майки Гарсия Сергей Липинецтен чемпиондық белбеуін тартып алды

11 наурыз 2018 ж.
Майки Гарсия Сергей Липинецтен чемпиондық белбеуін тартып алды

АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында өткен айқаста ресейлік Сергей Липинец кәсіпқой бокстағы өзінің алғагшқы жеңілісіне ұшырады. Қарсыласы да мықты еді, қайта нокаутқа түспегенінің өзі ерлік.

Майки Гарсия – Американың кейінгі жылдардағы ең жұлдызды боксшыларының бірі. Тіпті, көпшілігі оны Флойд Мэйуэзерден де артық көреді. Бәлкім, бұл қара нәсілді еместігінен болар. «Фриман Колизей» кешенінен жиналған көрермендердің барлығы 12 раунд бойы үздіксіз Гарсияның есімін атап ұрандатқаны да соның дәлелі. Боксшы да сол құрметке лайық.

Бірінші раундтан бастап тізгінді өз қолына алған Майки Гарсия жекпе-жек соңына дейін ресейліктен басым болды. Өзгелер секілді сылбыр бастап, әр раунд сайын қарқынын үдеткен жоқ. Бірінші раундты қалай бастаса, соңғы раундты да солай аяқтады. Рас, 12-ші раундта аздап босаңсып, Липинецтің шабуылдарына қарымта соққылармен жауап қайтарып қана отырды. Бірақ, соның өзінде шаршап қалған қарсыласының қасында әлдеқайда тың көрініп тұрды. Нәтижесінде 116:111, 117:110, 117:110 – үш төреші де Гарсияның мықтырақ болғанын мойындады. Осылайша Майки Гарсия өзінің статистикасын 38:0-ге жеткізіп, бұған дейін Сергей Липинецке тиесілі болған бірінші жартылай орта салмақтағы IBF чемпиондық белбеуін тартып алды. Ал Ақтөбенің Мәртөк ауданында туып өскен Сергей Липинец үшін бұл кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңіліс. Бұған дейін 13 рет жеңіске жетіп, 10 қарсыласын нокаутқа түсірген болатын.

Енді Майки Гарсияға кіммен шыққан дұрыс. Бәлкім, әлі ерте дерсіз. Дегенмен, полиция офицеріне Василий Ломаченконың лагеріне ордермен кіріп баратын кез жеткен секілді. Екеуінің айқасын күтіп жүргендер өте көп.

Текст: Sadvakas Maikibayev