Ломаченко – Педраса жеңімпазына қарсылас табылды

16 қараша 2018 ж.
Ломаченко – Педраса жеңімпазына қарсылас табылды

Желтоқсанның 8-і күні Нью-Йоркте өтетін Ломаченко мен Педраса жекпе-жегінің жеңімпазы 2019 жылдың басында IBF чемпиондық белбеуі үшін қайта шаршы алаңға шығуы мүмкін.

ESPN агенттігінің мәлімдеуінше, WBA Super чемпионы Василий Ломаченко мен WBO чемпионы Хосе Педрасаның қай жеңгені келесі жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы IBF чемпиондық атағына таласуы тиіс. Ал ІВҒ чемпиондық белбеуі әзірге иесіз. Осы күнге дейін Майки Гарсияға тиесілі болған бұл белбеуді 2019 жылдың 2 ақпанында ганалық Ричард Комми мен ресейлік Иса Чаниев сарапқа салады. Жекпе-жекті ESPN телеарнасы ұйымдастырады деп күтіліп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, жеңіл салмақта тағы бір ірі тұжырымның чемпионы – америкалық Майки Гарсия. Сарапшылардың болжамынша, Желтоқсанның 8-і күні Хосе Педрасаны жеңген соң келесі жылдың жазында Ломаченко IBF белбеуін де қанжығасына байлауы тиіс. Ал 2019 жылдың төртінші тоқсанында Майки Гарсиямен кездесуі қажет. Міне, сарапшылардың жасаған сценариі осындай.

Әйтсе де, Эррол Спенспен төбелесу үшін екі салмақ дәрежесіне жоғары секіріп, жартылай орта салмаққа ауысқан Майки Гарсия қайта төмен түсе қояр ма? Әлбетте, Дүниежүзілік бокс кеңесі оны белбеуден айырған жоқ. Алайда, Спенсті жеңген жағдайда Мигель Анхель жартылай орта салмақта түбегейлі қалатынын да мәлімдеуі тиіс. Мұндай жағдайда белбеу не украиналықтың еншісіне өтеді, не осы тұжырымның рейтингінде екінші орында тұрған Люк Кэмпбеллмен төбелесуі тиіс болады.

Текст: Sadvakas Maikibayev