Кәсіпқой бокстан Қазақстан қырандарының рейтингі

14 ақпан 2020 ж.
Кәсіпқой бокстан Қазақстан қырандарының рейтингі

BoxRec сайтының P4P рейтингінде 1975 ұпаймен Мексика майталманы Сауль Альварес (Канело) көш бастап тұр. Екінші орынға Америка тарланы Теренс Кроуфорд орналасқан (1336 ұпай). Біздің Геннадий Головкин 1276 ұпаймен үздік үштікті түйіндепті.

Кіші-Эррол Спенс төртінші орынды (1249 ұпай), ал біздің жанкүйерлерге жақсы таныс Василь Ломаченко (1083) бесінші орынға жайғасқан. Ең ауыр салмақтың үздігі Энтони Джошуа 8-орынды (914,3 ұпай), сегіз салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы болған, әйгілі Мэнни Пакьяо 9-орынды (836,2) иемденіпті.

Енді BoxRec рейтингіндегі Қазақстан боксшыларының үздіктеріне көңіл аударыңыздар. Беделді басылымның қазақстандық тізіміне 95 боксшы ілігіпті. Бірақ үздік алтылықта соңғы кездері Ресей туы астында өнер көрсетіп жүрген, Қостанай тумасы Станислав Калицкий де жүр.

BoxRec рейтингі