Ковалев VS Ярд — WBO жартылай ауыр салмақтағы титулдық жекпе-жекті белгіледі

14 наурыз 2019 ж.
Ковалев VS Ярд — WBO жартылай ауыр салмақтағы титулдық жекпе-жекті белгіледі

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (World Boxing Organization) жартылай ауыр салмақ дәрежесінде ресейлік Сергей Ковалев (33-3-1, 28 КОs)  пен британдық шағылмаған «жаңғақ» Энтони Ярд (18-0, 17 KOs) арасында титулдық жекпе-жек өткізуге өкім шығарды.

Санкция беретін ұйым екі жақ тарапқа кездесудің ұйымдастырылуына келісім жүргізу үшін 30 күн берді. Егер Ковалев пен Ярдтың командалары келісімге келе алмаса, онда белдесу промоутерлік саудаға түсетін болады.

WBO-дың жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық титулының ең төменгі төлемі 300 мың АҚШ долларын құрайды. Кез-келген тарап келіссөздер барысында сауда-саттықты бастауды сұрай алады. 35 жасар ресейліктің промоутері – Боб Арум, ал 27 жастағы британдықтың жұмыстарын Фрэнк Уоррен жүргізеді. Арум мен Уоррен арасын тек ұзақ достық қарым-қатынас байланыстырып қоймайды. Оған қоса, ол екі маман «корольдік» дивизионның өкіл Тайсон Фьюримен серіктестік етеді. Ал бұл Ковалев пен Ярд арасындағы келіссөздердің көпке созылмайтынын аңғартады.

Әлемнің үш дүркін чемпионы, ресейлік былғары қолғап шебері соңғы рет ақпан айында шаршы алаңға шыққан болатын. Ол колумбиялық Элейдор Альвареспен «Крашер» рематч өткізіп, алғашқы белдесуде айырылып қалған белбеуін төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қайтарып алды.  Ярд болса, 8 наурыз күні америкалық қарсыласы Трэвис Ривзті 5-ші раундта тізе бүктіріп, 18-ші жеңісіне қол жеткізді (17-ші мерзімінен бұрын). Егер Ковалевпен жекпе-жек болатын болса, онда британдық жартылай ауыр салмақтағы боксшы заңды чемпиондық белбеу үшін алғаш рет 12 раундық белдесуде өз бағын сынайды.