Комми Чаниевті нокаутқа жіберіп, Ломаченконың потенциалды қарсыласы атанды

4 ақпан 2019 ж.
Комми Чаниевті нокаутқа жіберіп, Ломаченконың потенциалды қарсыласы атанды

Жеңіл салмақтағы ганалық боксшы Ричард Комми (28-2, 25 KOs) IBF тұжырымы бойынша бұрын иесіз болған белбеуді иеленді.

Кешегі өткен демалыс күндері АҚШ-тың Фриско қалашығының  The Ford Center аренасындағы бокс кешінде ресейлік жартылай ауыр салмақтағы Сергей Ковалев Элейдер Альвареске қарсы жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен WBO чемпиондық белбеуін қайтарып алды. Кеште тек «Крашер» ғана емес, ресейлік Иса Чаниевпен (13-2, 6 KOs)  қолғап түйістірген ганалық Ричард Комбиде жарқын жеңісімен көзге түсті. Қос боксшы Халықаралық бокс федерациясының 135 фунтқа (61,235 кг) дейінгі салмақтағы бос белбеуіне таласты. Алғашқы раундта-ақ Комми қарсыласын бір құлатып алып, келесі раундта Чаниев екі мәрте тізе бүккеннен кейін төреші техникалық нокаутпен жеңісті ганалық боксшыға берді. Ресейлік үшін бұл алғашқы титулдық жекпе-жек төрт жыл ішіндегі екінші жеңіліс.

Өз кезегінде, Комми салмақ дәрежесіне қарамастан, желтоқсан айында екі чемпиондық титулды(WBA Super и WBO)  біріктірген, осы жеңіл салмақтың «абсолютті» әміршісі болуды көздейтін украиналық Василий Ломаченконың (12-1, 9 KOs) назарына ілікті.

Естеріңізге салсақ,  IBF белбеуінің бұған дейінгі иесі Майки Гарсия жартылай орта салмақтағы осы тұжырымдама чемпионы кіші Эррол Спенспен кездесу үшін, белбеуден өз еркімен бас тартқан еді. Дегенмен, жеңіл дивизиондағы WBC белбеуі бұрынғыша Гарсияның иелігінде.

 

Текст: Sadvakas Maikibayev
Тегтер: Иса Чаниев