Канело мен Сондерс айқаса ма көктемде?

18 ақпан 2020 ж.
Канело мен Сондерс айқаса ма көктемде?

Төрт салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварес (53-1-2, 36 KO) және WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы, британдық Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) мамырдың басында Лас-Вегас төрінде жекпе-жекке шығатын секілді.

Бүгін шетелдік басылымдар бірнеше боксшының сөздеріне сілтеме жасай отырып, Канело мен Сондерстің кездесетін болғандарын жарыса жариялай бастады. Бірақ олардың промоутерлері әлі ешқандай ресми мәлімдеме жариялаған жоқ.

Мәселен, worldboxingnew басылымы бұл екі боксшының кездесетіні жайлы сөз 21 қаңтар күні шықанын көлденең тартады. Содан бері, бір айға жетпес уақыт бойы жүргізілген бейнеті мол келіссөздерден нәтиже шығатындай. Шетелдік басылымдарға сенсек, кейбір боксшылар тіпті осы жекпе-жектің андеркартында шығатын болып, жанкүйерлерінен сүйінші сұрап жатыр..

Егер Канело мен Сондерс шынымен де 2 мамыр күні жұдырықтасатын болса, онда «Головкин – Канело трилогиясы» жайлы күзге салым болмаса, оған дейін ойлаудың өзі мүмкін емес. Әйтсе де, әліптің артын бағайық. Жалпы, Канело – Сондерс жекпе-жегі де жанкүйерлер үшін қызықты болуы тиіс.