КӘСІПҚОЙ БОКС КЕШІНЕ ЖУРНАЛИСТЕРДІ ТІРКЕУ РӘСІМІ БАСТАЛДЫ

12 мамыр 2016 ж.
КӘСІПҚОЙ БОКС КЕШІНЕ ЖУРНАЛИСТЕРДІ ТІРКЕУ РӘСІМІ БАСТАЛДЫ

Құрметті әріптестер, 14 мамыр күні елорданың «Көрме» орталығында «Diamond ring» промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтетін кәсіпқой бокс кешіне журналистерді тіркеу рәсімінің басталғанын хабарлаймыз.

Бокс кешінің басты айқасында WBC Eurasia Pacific тұжырымының чемпионы анықталады. Чемпиондық белбеуге WBA NABA белбеуінің иегері жерлесіміз Бекман Сойлыбаев (8(3KO)-0-0) пен грузиялық тәжірибелі боксшы Николоз Кокашвили (17(7KO) -3-1) таласады.

Журналистерді тіркеу кезеңі тек ресми тіркеу 12 мамырға дейін жалғасады. Тек ресми тіркелген БАҚ өкілдері ғана өтініш жібере алады. Ал аккредитациядан өткен журналистерге бейдждер 13 мамыр күні ресми салмақ өлшеу рәсімінің алдында беріледі. Айта кетейік, журналистерге шаршы алаңның жанынан ыңғайлы орындар қарастырылған.

Естеріңізге саламыз, салмақ өлшеу рәсімі 13 мамыр күні «Керуен» ойын-сауда орталығының 3-ші қабатында (Достық көшесі, 9) сағат 12:30-да басталады. Ал салмақ өлшеу рәсімінен соң журналистерге арналған баспасөз мәжілісі жоспарланған.

Кәсіпқой бокс кеші 14 мамыр күні «Көрме» орталығында (Достық көшесі, 3) өтеді. Басталуы: сағат 20:00.

Өтініштер мына электрондық пошта бойынша қабылданады: hashagulgova@yandex.ru

Толық ақпарат үшін «Diamond ring» менеджері Оксана Хашагульговаға (+7 705 109 66 11) хабарласуларыңызды сұраймыз.

Кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығатын боксшылар:

Адеркарт

Әли Ахмедов (дебют) – Сергей Крапшило (4 (3KO) -12-2)

Жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі (79,3 келіге дейін)4 раундтық айқас

Айдос Ербосынулы (3(3KO)-0-0) – Лаша Гургулиани (7(4KO)-0-0)

Орта салмақ дәрежесіндегі (72,6 келіге дейін) 6 раундтық айқас

Айдын Ельжанов (2(1KO)-0-0) – Хвича Гиголашвили (12(2KO)-12-0)

Екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі (55,3 келіге дейін) 6 раундтық айқас

Елдос Сарқұлов (3-0-0) – Шерзодбек Мамаджонов (9(KO)-13-4)

Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіндегі (63,5 келіге дейін)  6 раундтық айқас

Айдар Шәрібаев (1(1KO)-0-0) – Рубен Мовсесян (21(16 КО)-14-1)

Жеңіл салмақ дәрежесіндегі (61,2 келіге дейін) 6 раундтық айқас

Руслан Мырсатаев (1(1KO)-0-0) – Фарух Мадаминов (1(1KO)-4-1)

Ауыр салмақ дәрежесіндегі (90,7 келіден жоғары) 6 раундтық айқас

Берікбай Нұрымбетов (1-0-0) – Артур Земляной (1(1KO)-0-0)

Жартылай орта салмақ дәрежесіндегі (63,5 келіге дейін) 6 раундтық айқас

Басты айқас

Бекман Сойлыбаев (8(3KO)-0-0) – Николоз Кокашвили (17(7KO)-3-1)

Екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі EPBC WBC чемпиондық белбеуі үшін өтетін айқас

Текст: Sadvakas Maikibayev