Хорхе Линарес чемпиондық атаққа қайта таласпақ

13 тамыз 2018 ж.
Хорхе Линарес чемпиондық атаққа қайта таласпақ

Мамыр айында украиналық Василий Ломаченкодан нокаутпен жеңіліп, жеңіл салмақтағы WBA белбеуінен айрылып қалған венесуэлалық Хорхе Линарес қайтадан осы тұжырымның чемпиондық атағына таласпақ.

Күні кеше Дүниежүзілік бокс қауымдастығы Василий Ломаченкоға «Суперчемпион» атағын берді. Бұл титул боксшыға осы тұжырым бойынша басқа салмақтардың чемпиондарын жекпе-жекке шақыра алады және кез келген салмақтың чемпиондарына міндетті қарсылас болады.

Ал «тұрақты чемпион» атағына қайтадан Хорхе Линарес таласпақ. Оның қарсыласы – индонезиялық Дауд Йордан. Бұл туралы Джакартада өткен баспасөз мәслихатында мәлімденді. Қос тарап келіссөздерді бастап та кетті. Жекпе-жек қараша айында өтеді деп жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, венесуэлалық боксшы соңғы айқасында Василий Ломаченкодан нокаутпен жеңілген. Жалпы, карьерасында 48 жекпе-жек өткізіп, соның 44-інде жеңіске жеткен. 27 қарсыласын нокаутпен ұтқан. Төрт жеңілісі бар. Ал Дауд Йордан 41 жекпе-жек өткізіп, 38 рет жеңіске жеткен. 26 қарсыласын нокаутпен ұтып, үшеуінен ұтылған. WBA. WBO тұжырымдары бойынша екінші деңгейлі белбеулердің біраз жеңген екен. 2011 жылы жартылай жеңіл салмақта WBA суперчемпионы атағына таласқанымен отандасы Джон Кристен жеңіліп қалған.

Текст: Sadvakas Maikibayev