Финалға Қазақ елінен төрт, Өзбекстаннан үш боксшы шықты

11 наурыз 2020 ж.
Финалға Қазақ елінен төрт, Өзбекстаннан үш боксшы шықты

Токио Олимпиадасының Азия және Мұхит жағалаулары елдері арасындағы іріктеу турнирі аяқталуға айналды. Бүгін финалдық жекпе-жектер өтеді. Финал тек алтын жүлдені сарапқа салатын боксшылар арасында ғана емес, сондай-ақ қосымша жолдаманы сарапқа салып жатқан боксшылар арасында да шешуші кездесулер өтеді.

Мысалы, біздің Сәкен Бибосынов 52 келі салмақ дәрежесіндегі қалған екі жолдаманың біріне таласады. Ол бүгін Филиппин боксшысы Карло Пааламмен жұдырық түйістіреді. Жеңсе, Токио Олимпиадасының лицензиясына ие болады. Ал жеңілсе, оған енді мұндай мүмкіндік берілмейтін де шығар. Мамыр айында соңғы, бүкіләлемдік іріктеу турниріне басқа боксшымыздың баруы мүмкін...

Енді финалға қай елден қанша боксшы шыққанына көз жүгіртіп шығыңыздар:

Қазақстан (63, 75, 81, 91) – 4

Өзбекстан (57, 63, +91) – 3

Австралия (81, +91), Иордания (57, 69) – 2

Жаңа Зеландия (91), Қытай (52), Таиланд (52), Үндістан (69), Филиппин (75) – 1